Науқастың қамы үшін: Ақсу ауруханасында бөлімшелер арасындағы өткел тексерілді
Ол екі жеке ғимаратты байланыстырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Асайын Байханов Ақсуға барған жұмыс сапары барысында өткелдің қала тұрғындары үшін қаншалықты ыңғайлы екенін тексерді. Оның ұзындығы 350 шаршы метрден асады. Жобаға 200 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Ақсу қалалық ауруханасының директоры Қайырлы Кабуловтың айтуынша, бұрын бір бөлімшеден екінші бөлімшеге өту тек дала арқылы мүмкін болатын, бұл әсіресе қыста ыңғайсыз болатын. Енді пациенттер мен медициналық қызметкерлер уақытын үнемдейді.
Өткелдің өзінде бірнеше кабинеттер бар – дәрігерге дейінгі, скринингке арналған, тексеру бөлмелері (ерлер мен әйелдер), сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың кеңселері.
Жыл басынан бері медициналық мекеме 380 мың келуді тіркеді.
Ересектер мен балалар емханасын байланыстыратын аурухананың өткелінің құрылысы қаңтарда аяқталады.