Жүрегі созылған: Павлодарлық тұрғынға инновациялық әдіспен ота жасалды

Жүрегі созылған: Павлодарлық тұрғынға инновациялық  әдіспен ота жасалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ота ашық жүрекке жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар кардиологиялық орталығының хабарлауынша, 53 жастағы науқас жедел түрде өкпе тамырының жедел массивті тромбоэмболиясы диагнозымен түскен.  ӨЖМТ – қан ұйығышының бітелуі салдарынан өкпе артериясының тармағындағы қан ағымының кенеттен тоқтауы.

Науқастың айтуынша, шамамен бес күн бойы жалпы әлсіздік пен ентігу болған. Орталыққа түскен кезінде қанның оттегімен қанығуы сатурациясы оттегі қолдауынсыз 88%  құраған. Бұл – өте төмен көрсеткіш.

– Аяқтарының төменгі бөлігіне  доплерлік эхокардиография жасау кезінде тізе астындағы артериялардың тромбозы анықталды, бұл тромбоэмболияға себеп болған. Жүректің эхокардиограммасы жүректің ауыр декомпенсацияланған күйде екенін көрсетті, – дейді орталықта.

Сондай-ақ жүректің оң жақ бөліктері созылып, кеңейген.  Пациентке ашық жүрекке операция жасалды. Оң және сол жақтағы өкпе артерияларының екеуінен де үлкен қан ұйығыштары сәтті шығарылды, бірақ операцияны стандартты әдіспен аяқтау мүмкін болмады. Жүрек пен өкпе өздігінен жұмыс істей алмаған соң қосымша көмек қажет болған соң  тромбоэкстракция жүргізілгеннен кейін бірден ЭКМО аппараты қосылды. Құрылғы қанды оттегімен қанықтырып, уақытша жүрек пен өкпе қызметін атқарды.

Аппаратты қосқан соң 14 күн өткеннен кейін жүректің ультрадыбыстық бақылау зерттеуінде  оң нәтиже байқалды, пациент ЭКМО-дан ажыратылып,  бейінді бөлімшеге ауыстырылды.  Жағдайы оңалған соң науқас үйіне шығарылды. 

Айта кетейік, ӨЖМТ – жүрек-қан тамырлары аурулары арасында өлім көрсеткіші бойынша үшінші орында. Бұрын  мұндай дертке шалдыққан науқастар арасында өлім-жітім 100%-ға жуық болған. Орталықта енгізілген инновациялық технологияның нәтижесінде пациенттердің дертінен айығып, қалыпты өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. 

Соңғы екі жылда орталықта мұндай 35-ке жуық операция  оң нәтижемен аяқталған. Қазақстан бойынша өкпе артерияларынан тромбоэкстракция тек павлодарлық кардиологиялық орталықта жасалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодарский Кардиоцентр (@cardiomedical.kz)