Наурыз мерекесі қарсаңында Павлодардан қосымша пойыздар қатынайды
Қосымша поезд Астана-Павлодар, Павлодар-Астана бағыты бойынша жолға шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
- Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады. Осылайша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электропойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздардың құрамын ұлғайтады, - делінген хабарламада.
Мереке күндері қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:
- 2026 жылғы 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электропойызы;
- 2026 жылғы 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электропойызы;
- 2026 жылғы 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электропойыздары;
- 2026 жылғы 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электропойызы.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.
Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.