Наурыз нақыштары: Павлодарда ашық аспан астындағы сурет галереясы жаңартылды

Жергілікті суретшілердің жұмыстары бас көше бойында ілінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығында Наурызнама онкүндігінің мәдениет және салт-дәстүр күні аясында ашық аспан астындағы сурет галереясы жаңартылды.
«Наурыз Ерке Ертістің жағасында» экспозициясында Ертіс-Баян өңірінің суретшілерінің жарқын мәдени колорит бейнелейтін жұмыстары ұсынылды.
Галереяда Әнуар Игембаев, Өсербай Шоранов, Қарасай Нүркенов, Сәуле Әбішева, Қабдығалым Қаржасов, Алтын Атеева, Тұрар Төлеев танымал суретшілердің жұмыстары орналастырылған.