Несиеден босату: Әскерге баратын павлодарлықтарды қандай жеңілдіктер күтеді?

Несиеден босату: Әскерге баратын павлодарлықтарды қандай жеңілдіктер күтеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтарды шұғыл әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2024 жылдан бастап әскери қызметке шақырылған жігіттерге кредиттік демалыс беріледі. Бұл туралы Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Бекзат Оразов мәлім етті.

– Екінші дәрежелі банктердегі барлық кредиттік төлемдері 14 айға тоқтатылады. Олар 12 ай мерзімді уақытта қызмет етеді. Олар жалпы ортаға келгеннен кейін жұмыс табу үшін екі ай уақыт береміз. Әрі қарай өзінің төлемін жалғастыру керек, – деді Бекзат Оразов.

Былтыр Павлодар облысынан әскерге 1226 адам шақырылды. Бекзат Оразовтың сөзінше, олардың барлығы несие төлемдерінен босатылды. 

– Шағын микрокредит бойынша Ұлттық банкпен келіссөз жүргізілуде. Биылғы шақырылымда шағын кредиттердің бәрі тоқтатылады, – деді Бекзат Оразов.

Сондай-ақ, жақсы қызмет еткен сарбаздар әскерден өткеннен кейін жоғарғы оқу орындарына тегін түсе алады. Қорғаныс министрлігінен сертификат беріліп, грантпен оқуға түсуге мүмкіндігі болады. 

– Қорғаныс министрлігі 84 институт және университетпен меморандумға қол қойды. Оқу орындары үздік сарбаздарды оқуға қабылдауға әрқашан да дайын. Олар қалаған мамандығына оқуға түсе алады, – деді Бекзат Оразов.

Былтыр республика бойынша 862 адамға грант берілді. Оның ішінде 81 азамат Павлодар облысында тегін білім алуда.