Новочерноярка ауылында спорт фестивалі өтеді

Новочерноярка ауылында спорт фестивалі өтеді
Фото: Константин Шелков

Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Desport» спорт клубы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Ұйымдастырушылар барлық спорт әуесқойларын 25 тамызда сағат 11:00-де Новочерноярка ауылының шағын футбол алаңына шақырады. 

Ауыл тұрғындарын фестивальде Новочерноярка және Павлодардан келген дзюдошылар мен гимнасттардың қойылымдары, клуб жаттықтырушыларының атынан дзюдо, гимнастика бойынша шеберлік сағаттары, балалар мен олардың ата-аналарына арналған көңілді конкурстар күтеді. 

Фестивальдің бас жүлдесі – жаңа велосипед. Оны фестивальдің әрбір қатысушысы жеңе алады. Фестиваль – демалыс күнін көңілді және спорттық түрде өткізуге, сондай-ақ, «Desport» спорт клубымен танысуға тамаша мүмкіндік.