Новоямышев тұрғынын іздеу жұмыстары қайғылы жағдаймен аяқталды

Новоямышев тұрғынын іздеу жұмыстары қайғылы жағдаймен аяқталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еріктілер мен туыстары жоғалып кеткен ер адамды үш күн іздеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілер тобының ақпараты бойынша, 20 қазан күні Магмур Сибагатуллин отынға кеткен, содан бері туыстары онымен байланысты жоғалтқан.

Өкінішке қарай, ер адам қаза тапқан күйінде табылды.

Еріктілер марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.