Облыстың Құрметті азаматы «Ертіс» тізгінін қайта қолға ала ма?
Қазір ол туған жерінде жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әңгіме болгариялық маман Димитар Димитров туралы болып отыр. Шетелдік азамат 2015-2017 және 2018-2019 жылдары «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болған. Оның жетекшілігімен 2016 жылы құрама ел біріншілігінде қола жүлдегер атанды.
– Мен үшін Қазақстан мен Павлодар – екінші отаным іспетті. Мен Павлодарды әрқашан жақсы көремін. Павлодарға оралып, «Ертісті» басқаруға ұсыныс түссе, бас тарта алмаймын. Қазір мен болгариялық «Черноморецке» көмектесіп жүрмін, - дейді Димитар Димитров.
Оның айтуынша, ол 2018 жылы берілген «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағын мақтан тұтады.
«Ертіс» ФК қарыздарын өтеу аясында жаттықтырушы алдында барлық берешегін өтеген. Димитар Димитров Pavlodarnews.kz тілшісімен сұхбатында бұл ақпаратты растады. Ол клубты сақтап қалу үшін айтарлықтай жеңілдік жасады.
Еске сала кетейік, Николай Гавришпен қоштасқан «Ертіс» бас бапкерсіз қалды. Кейбір БАҚ 2024 жылы Талдықорғанның «Жетісу» командасында жемісті еңбек еткен Қайрат Нұрдәулетовпен клуб келіссөздер жүргізіп жатқанын жазып жатыр.