Ортақ мереке: Асайын Байханов павлодарлықтарды қала күнімен құттықтады
Облыс орталығына – 163 жыл, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі өзінің Instagramпарақшасында құттықтау сөздерін жариялады.
– Сүйікті қаламызды 163-ші туған күнімен құттықтаймын! Павлодардың ең басты құндылығы – бұл сіздер, оның тұрғындары. Еңбекқор, бастамашыл және талапшыл павлодарлықтар облыстың экономикасын алға жылжытуда,– деп жазды аймақ басшысы.
Асайын Байханов қала күні әр павлодарлықтың мерекесі екенін атап өтті.
– Бұл – қаланың бой көтеруіне өлшеусіз еңбек сіңірген ардагерлеріміздің мерекесі. Бұл – Ертістің жағасындағы қаланы дамытатын жастардың мерекесі. Бұл – бүгінде облыс орталығының өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жатқан барлық жандардың мерекесі,– деді облыс әкімі.
Ол тұрғындарға шаһардың үздіктердің біріне айналдыруға деген ұмтылысы үшін алғыс білдірді.
– Павлодардың бәріміз тұрғымыз келетін, сәулеті мен жетістіктерімен мақтанатын жайлы да көрікті қала болуын тілеймін. Сол үшін де біз жұмыс істеудеміз,– деп атап өтті Асайын Байханов.
Облыс әкімі мерекеге орай әрбір отбасыға денсаулық, бақыт, амандық тілейді.