Оқушыны зорлаған екібастұздық айыпталды
Ер адам мессенджерде қызбен оның сеніміне ие болу үшін хат алмасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұзда қызды зорлаған күдікті ұсталды.
– Тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінде. –Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғушылығына қарсы кезекті қылмысқа байланысты Екібастұз қаласы білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова тікелей эфирге шықты.
– <...> біздің балаларымыз өте сенгіш, қыздарымыз сенгіш, әсіресе бес-жетінші сыныпта оқитындар. Қыздарға мүмкін отбасындағы махаббат, мүмкін әке-аналарының назар аударуы жетіспейтін болар. Бұл жағдайда жасөспірім қыз ересек еркекпен Telegram-арнада хат жазысып, оған сеніп қалған, – деді Лаура Дисюпова.
Бөлім басшысы ересектер манипуляция жасай алатынын, олардың фотосуреттерін немесе басқа да жеке ақпараттарын жариялаймын деп қорқытуы мүмкін екенін атап өтті.
Егер бала тұйық болса, сөйлеспесе, агрессия көрсетсе, мектеп психологтары көмек көрсете алады. Лаура Дисюпованың айтуынша, Екібастұздағы білікті маман «Қайнар» білім беру-демалыс кешенінде орналасқан «Жанұя» клубында қабылдайды. Білім бөлімінің қамқоршылық бөлімінде де көмек көрсетуге дайын.
Анонимді түрде білім бөлімі басшысының WhatsApp нөміріне хабарласуға болады – 8 747 975 8872, Instagram – @d_laura_ekibastuza.
Естеріңізге сала кетейік, 16 және 17 жастағы екі қызды зорлау оқиғасы бойынша тергеу басталды. Олардың бірі – көпбалалы отбасынан, екіншісі – толық емес отбасынан. Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакеневаның ақпараты бойынша, зорлаушы көп балалы отбасының үлкен ұлдарының бірінің жақын танысы. Қыздар болған жағдайды айтуға қорыққан. 30 жасар ер адам бұл туралы алкоголь ішіп отырып досына айтып қойған.