Павлодар қаласының әкімі ауылдық округтер тұрғындарымен кездеседі

Жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелер талқыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің 14 - 31 шілде аралығында тұрғындармен кездесулері өтеді.
Алғашқы кездесу 14 шілдеде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Жетекші ауылы Қыз Жібек көшесі, 5/1 мекенжайындағы Жетекші мектебінде өтеді.
Кейін 16 шілде күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Мойылды ауылында Мектеп көшесі, 43 мекенжайында орналасқан мәдениет үйінде жүздесу жоспарланған.
Ал Павлодар аулының тұрғындары 21 шілдеде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Садовая көшесі, 5 мекенжайындағы мәдениет үйінде қала әкіміне сұрақ қоя алады.
23 шілдеде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Хасар Хабылбеков Кенжекөл ауылына барып, Ата Заң ауданы көшесі, 3/2 мекенжайындағы мәдениет үйінде халықпен әңгімелеседі.
25 шілде күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Атамекен кентінің тұрғындары да сұрақ қоя алады. Оларда Сарыарқа көшесі, 53/1 мекенжайындағы Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінде көкейіндегі мәселені көтеруге мүмкіндігі болады.
Соңғы кездесу 31 шілдеге жоспарланған. Қала әкімі сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Павлодар қаласының тұрғындарымен Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында жүздеседі.