Павлодар - Қызылорда тас жолының сапасы артты

Жөндеу жұмыстары аяқталып, республикалық маңызы бар жолдың жаңартылған учаскелері қолданысқа берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы «Қызылорда-Павлодар-Успен-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 1173-1178, 1367+260-1372+680, 1372+680-1379+150, (1381+950-1383 көлік айрығы)18,4 шақырымының таңдап алынған учаскелерін орташа жөндеу жұмыстарының аяқталғаны және пайдалануға берілгені туралы хабарлайды. Қолданыстағы автомобиль жолы Iб және III техникалық санаттарға жатады.
Жұмыстарды «ПКФ Гордострой» ЖШС мердігер ұйымы ресайклер өңдеу әдісімен, одан кейін 53 918 м2 алаңда асфальтбетон қоспасынан жасалған жабынның жоғарғы қабатын орнатумен, сондай-ақ жол төсемін фрезерлеумен және 293 921 м2 алаңда асфальтбетон қоспасынан жасалған жабынның жаңа жоғарғы қабатын орнатумен орындады.
Атқарылған жұмыстар жолдарды нормативтік жағдайда ұстау, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.