Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы зардап шекті

Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы зардап шекті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган өкілдері зауыттың өндірістік алаңында тексеру жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2026 жылы мамырдың 16-ы күні сағат 23:10 шамасында Павлодар алюминий зауытында №3 пештің кептіру аймағын тазалау жұмыстары кезінде жиналған материал қабатының бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға сәтінде аталған аумақта күйежентектеу цехының екі қызметкері болған.

Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың ақпаратынша, 1984 жылы туған науқасқа жабық бас-ми жарақаты, оң жақ сирақ сүйектерінің сынуы, көптеген соғылулар мен сыдырылулар диагнозы қойылған. Қазір ол травматология және ортопедия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты, орташа ауыр деп бағалады.

2000 жылы туған екінші зардап шегуші тексеруден кейін амбулаториялық ем алуға жіберілген.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган өкілдері Павлодар алюминий зауытының өндірістік алаңында тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік нысанда апат белгілері анықталған жоқ.