Павлодар ауданында балаларына алимент төлемеген борышкерлер жазаланды

Павлодар ауданында балаларына алимент төлемеген борышкерлер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауданда 34 балаға қатысты алимент берешегі 38 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы алимент төлемеген үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша екі борышкерді қылмыстық жауапкершілікке, ӘҚБтК 669-бабы бойынша 13 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Алимент бойынша екі борышкердің жүргізуші куәлігінің мерзімі тоқтатылды. 

– 34 балаға қатысты алимент бойынша берешек 38 миллион теңгені құрады, оның 19 миллион теңгесі өтелді, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде. 

Павлодар ауданы бойынша ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы 57 неке тіркелген, 24 неке бұзылды, пайыздық қатынаста 42% отбасы ажырасқан. Былтыр 200 неке тіркелсе, 43 неке бұзылды.