Павлодар ауданында интеллектуалдық викторина өтеді

Павлодар ауданында интеллектуалдық викторина өтеді
Фото: Константин Шелков

Оған жоғары сынып оқушылар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар ауданының оқушыларын «Мен білемін» атты интеллектуалдық викторинаға қатысуға шақырады.

– Бұл байқауға ауданның 9-11-сынып оқушылары қатыса алады. Команда құрамында 3 адам болуы тиіс. Өтініш мектеп әкімшілігінен қабылданады. Сонымен қатар, командамен қатар педагог болуы шарт, – делінген хабарламада.

Айта кетелік,  өтініштер 23 сәуірге дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты 8 777 270 02 51 нөмірі арқылы білуге болады.