Павлодар ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Павлодар ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Фото: облыстық ТЖД ұсынды

Ол заманауи материалдық-техникалық жағдайымен жабдықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бастамасымен, жергілікті атқарушы органдардың белсенді қолдауымен «Ауыл құтқарушылар» жобасы табысты іске асырылуда. Оның мақсаты – өрттен қорғау деңгейін арттыру және ауылдық елді мекендерде тұрақты қауіпсіздік инфрақұрылымын құру.

Осы жоба аясында Павлодар ауданы Луганск ауылында төтенше жағдайларға тиімді ден қою үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған жаңартылған өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов қатысып, «Ауыл құтқарушылар» жобасының арқасында ерікті құрылымдар ден қою жүйесінің толыққанды бөлігіне айналатынын, ал ауылдарда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты жағдайлар жасалатынын атап өтті.

Жаңарту барысында ауқымды жұмыстар кешені орындалды: өрт сөндіру автокөлігіне арналған жылы бокс салынды, жеке құрамға арналған тұрмыстық үй-жайлар жаңартылды, жылыту жүргізілді, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, абаттандырылды және асфальттау орындалды. 

Павлодар облысының ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, нысанды барлық қажетті заттармен: байланыс құралдарымен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және КамАЗ 53229 АЦ-8-40 мамандандырылған өрт сөндіру автокөлігімен қамтамасыз етілді. Машина өрт-техникалық жабдықтармен — баспалдақтармен, жеңдермен, оқпандармен, бағанамен, сондай-ақ өрт сөндірушілерге арналған жауынгерлік киім жиынтығымен жабдықталған, бұл өрт кезінде тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жергілікті тұрғындар арасынан ерікті өрт сөндіру құралымы құрылды, ол тек Луганск ауылын ғана емес, сонымен қатар екі мыңнан астам адам тұратын Богдановка және Аққұдық елді мекендерін өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.

– Луганск өрт сөндіру бекетін жаңарту - бұл аймақтың азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтудың тағы бір қадамы. Бұл шаралар өрт қаупін азайтуға, азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтауға, сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған, – деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД бастығы, полковник Рустамбек Амрин.

Бүгінде Павлодар ауданында сегіз өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, ал облыс бойынша 78 өрт сөндіру бекеті бар. Луганскідегі жаңа нысан жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ-нің дәйекті жұмысының үлгісі болды.