31 қаңтарда Павлодар облысында боран болады

Қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады. Күндіз батыста, оңтүстікте, шығыста аздаған қар жауып, боран болады.
Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды.
Облыстың оңтүстігінде, шығысында -18..-23°C, облыстың оңтүстігінде -15°C, күндіз -12..-17°C, солтүстікте 20°C аяз болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, қар жауып, боран соғады.
Сынап бағанасы түнде -19...-21°C, күндіз -15...-17°C көрсетеді.