Павлодар ауданында қараусыз жайылған жылқы жол апатына себепші болды

Павлодар ауданында қараусыз жайылған жылқы жол апатына себепші болды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Мал иесіне қатысты әкімшілік хаттама  толтырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәжірибе айыппұл салу тиімсіз екенін көрсетуде. Облыс жолдарында  әлі де малдардың қараусыз жайылып жүруі тыйылар емес.

– 3 қарашада сағат 00.00 шамасында Шақат-Восточное автожолында, Безводное ауылының маңында жылқының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан ВАЗ-212013 маркалы автокөліктің жүргізушісіне материалдық шығын келтірілді, – деді департаментте. 

Қараусыз жылқылардың иесі анықталды, ол Маралды ауылының тұрғыны болып шықты. 49 жастағы ауыл тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама  толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, ол көлік иесіне келтірілген залалдың орнын толтыруы тиіс. 

Айта кетерлігі, тек бір тәуліктің ішінде Павлодар ауданының полициясы арнайы тұраққа 70-тен астам ірі қара малды қамады. Барлық қараусыз мал иелері анықталып, оларға  72450 теңге сомасында айыппұл салынды.