Павлодар ауданының бас дәрігері беделді марапат алды

Павлодар ауданының бас дәрігері беделді марапат алды

Ол медицина саласында 27 жыл еңбек етіп жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде медицина және фармацевтика қызметкерлері арасында «Мамандықтағы үздіктер» бірінші республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс медициналық мамандықтардың беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерді көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Әр түрлі профильдер мен қызметтердің медицина мамандары 16 номинация бойынша марапатталды. Жеңімпаздар қатарында Павлодар ауданының емханасының бас дәрігері Гүлназ Қайырбаева «Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» атағына ие болды.

Айта кетейік, Гүлназ Қайырбаева денсаулық сақтау саласына 1997 жылдан бері еңбек атқарып келе жатыр. 37 жыл бұрын ол Павлодар қаласының жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының дәрігері болып жұмыс істеді. Әр түрлі жылдарда Павлодар қаласының №1 және №3 ауруханаларында еңбек етті. 2015 жылдан бері Павлодар ауданының емханасының бас дәрігері лауазымын атқаруда.