Павлодар ауданының ең мықты волейболшылары анықталды

Павлодар ауданының ең мықты волейболшылары анықталды
Фото: pixabay.com

Ольгинка ауылының спорт кешенінде әйелдер командалары арасында аудан әкімінің Кубогына турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Іс-шара Павлодар ауданының 95 жылдығына арналды.

Қатысушыларды дәстүрлі шашумен қарсы алды. Аудан әкімі Николай Дычко спортшыларға сәттілік пен әдемі ойын тіледі.

Аудан әкімінің кубогын екінші жыл қатарынан Заря ауылдық округінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды Новоямышеводан келген волейболшылар иеленді. Үшінші орынға Ольгинка командасы ие болды.

Турнирдің үздік ойыншылары арнайы сыйлықтармен марапатталды.