Павлодар-Ақсу тас жолындағы жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті
Оқиғаның мән-жайы алдағы уақытта анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, 13 мамыр күні «Павлодар–Ақсу» автожолындағы «Нұрлы жол» автокөлік-жүк көлігі көпірінде KIA K5 автокөлігінің жүргізушісі қайта жолаққа ауысу кезінде жол бермей, Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан, - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы зардап шеккен. Оқыс оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі таңда көліктер арнайы айып тұрағына қойылған. Ал оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.