Павлодар баскетболшылары ел чемпионатында екінші орынды иеленді
Жарыс 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Біздің жігіттер өздерінің табандылығымен таң қалдырды және олардың осы финалда болуы бостан-бос емес. Алдыңғы чемпионатта біз 12 команданың ішінен 9-орынға ие болдық, ал бұл чемпионатта біз 15 команданың ішінен 2-орынды алдық. Мен біздің жігіттер шыңдалды деп санаймын, – дейді облыс құрамасының жаттықтырушысы Шыңғыс Апсалямов.
Облыс спортшылары финалда Атырау облысының командасына ұтылып қалды. Жаттықтырушының айтуынша, бұл – жақсы көшбасшылары бар тәжірибелі, байсалды қарсылас.