Павлодар депутаттары су тасқынына дайындықты тексерді

Павлодар депутаттары су тасқынына дайындықты тексерді
Фото: gov.kz

Олар Төтенше жағдайлар мамандарымен бірлесіп, қаланың ауылдық жерлерін аралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәслихаттың мәлімдеуінше, депутаттарға ағымдағы жылдың су тасқынына қарсы күрес кезеңінде пайдалануға жоспарланған күштер мен құралдардың жеткіліктілігі, атқарылған жұмыстар – су бұру, түбін тереңдету, су тасқынының ықтималдығына әсер ететін бөгеттердің және басқа да инфрақұрылымдардың жай-күйі туралы баяндалды.⠀⠀

Жұмыс тобының мүшелері төтенше жағдайлар кезіндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ жедел әрекет ету қажет болған жағдайда әртүрлі ведомстволар арасындағы күш-жігерді үйлестіру мәселелерін талқылады.