Павлодар имамдары жылдық есеп тапсырды

Павлодар имамдары жылдық  есеп тапсырды
Суретті Мәшһүр Жүсіп мешіті ұсынды

Қала, аудан мешіттерінде атқарылған іс-шаралар кітапша ретінде жасалып,  слайд түрінде көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдары қалалық «Омар әл-фаруқ» мешітінде жиналып, 2024 жылы атқарған жұмыс есебін тапсырды.

–     Негізгі жұмыстар  дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат,  оқу-ағарту, діни жат ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша тыңдалып, әр бөлімдердің есептері баяндалды, – деді баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар бас мүфтидің бағдарлық баяндамасы тыңдалды.

Әрбір имамның жылдық есебін толық тыңдаған облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы қорытынды сөзінде биылғы жылы имамдардың белсенділік танытқанын айта келе, алда алар межелер мен атқарылуы тиіс жұмыстар ұшан-теңіз екенін атап өтті.