Павлодарлық кәсіпкерлер елордалық компаниямен ынтымақтастықты бастады
Компания өкілі жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кәсіпкерлер палатасының алаңында павлодарлық кәсіпкерлерді «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ынтымақтастыққа шақырып, корпорация өкілімен кездесу өтті. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын таныстырды.
– Біздің қоғам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, Павлодар өңірінің кәсіпкерлерін ынтымақтастыққа шақырады. Біз қарыз сомасының қайтарымдылығын қамтамасыз ету шартымен, яғни кепілмен қамтамасыз ету шартымен тиімді шарттармен жылдық 0,01 пайызбен қарыз беруге дайынбыз. Қарыз сомасы кепілге байланысты болады, – деді спикер. «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Ансар Амангелдинов.
Аталмыш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның міндеті – Астана қаласында азық – түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру. Атап айтқанда, ұн, қарақұмық, күріш, қант, көкөністерден картоп, пияз, қырыққабат және сәбіз сиияқты 19 өнім түріне бақылауды қамтамасыз етеді.