Павлодар маңында мотоцикл мен автокөлік соқтығысты

Павлодар маңында мотоцикл мен автокөлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Kawasaki» маркалы мотокөлік жүргізушісі Павлодар-Омбы тас жолында Павлодар ауылына қарама-қарсы аумақта қауіпсіз қашықтықты таңдамай, «Lada Largus» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. 

Мотоцикл арнайы автотұраққа қойылды.