Павлодар мектебінде kids-coworking кітапханасы ашылды
Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебі өзінің мерейтойлық 85-ші оқу жылын «Заманауи мектеп» жобасы бойынша жөнделген ғимаратта бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Коворкинг қызығушылықтары бойынша кітап оқуға, пәндер бойынша қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасауға, бірлескен шығармашылық жобаларды дайындауға және талқылауға арналған. Жаңа қажетті жабдықтармен және әдебиеттермен жабдықталған. Мұнда конференциялар, әдеби кездесулер, дамытушы үйірмелер, қызығушылық клубтарының отырыстары, шеберлік сабақтары өткізіледі.
– Мектеп тарихындағы осы айтулы күні жергілікті ақындардың атынан оқу мәдениетін, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда табыс пен сәттілік тілеймін, – деп Славян орталығы басқармасының мүшесі, «Басни для взрослых» әндері мен өлеңдерінің авторы Людмила Бевз кітапхананың мектеп қорына «Спасибо всем, кто был со мной рядом» атты өлеңдер жинағын табыс етті.
Бүгінгі таңда мектепте 2310 оқушы оқиды, кітап қоры 18775 дананы құрайды, оның ішінде 7320-сы қазақ, 11443-і орыс тілдерінде. Сондай-ақ 249 дана қазақ жазушылары Н. Мұраталиев, Б. Майлин, И. Есенберлин, С. Мұратбековтың жаңа кітаптарымен, шетелдік авторлар А. Дюма, О. Памук, Ж. Сименон, Ф. Ремп, Р.Риччидің шығармаларымен толықты. Іс-шараға қатысушылар аталған кітаптардың тұсау кесерін тамашалады.
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар.