Павлодар облысы «Халық заңгері» акциясына қосылады
Білікті мамандар тегін кеңес береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
31 қазанда еліміздің барлық өңірлерінде әлеуметтік бағыттағы «Халық заңгері» республикалық акциясы бастау алады.
Акция аясында құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен өкілдері азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.
Білікті заңгерлер, адвокаттар, нотариустар және сот орындаушылары азаматтарға өзекті мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңес береді.
Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін акция 31 қазан күні сағат 11:00-де «Достық үйі» ғимаратында өтеді.