Қашып кетті: Екібастұзда жоғалған ер адам байланысқа шықты
Астаналық ерікті жоғалып кеткен Ержан Жақыповты іздеу үшін жарты күн өткізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita іздестіру ұйымының мәліметінше, қызметкерлер туыстарынан полицияға арыз түскен бойда ер адамның Астанада екенін анықтаған.
– Бізге хабарлама түскен соң дереу іздеуге кірістік. Ержан тірі және жағдайы жақсы деп сенімді түрде айта аламыз. Кеше біздің ерікті оны көрді, бірақ түсініксіз себептермен ол одан қашып кеткен. Біздің білуімізше, ер адам жұбайымен және Екібастұздан келген еріктімізбен байланысқан, – дейді еріктілер.
Еріктілер одан әрі оны іздеу шараларын тоқтатады, бірақ егер оны кездестірген немесе орналасқан жерін білген жандар болса, еріктілердің келесі нөмірлеріне хабарлауды сұрайды: +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 775 295 97 55 Самал (Екібастұз қаласының іздестіру бойынша үйлестірушісі).
Еске сала кетейік, 1991 жылы туған Ержан Жақыпов 22 қыркүйекте Астана қаласында болған. Әрі қарай оның қайда жүргені белгісіз.