Павлодарда жол жабынын қалпына келтірмеген ұйымдар жазаланды
Қала бойынша 200-ден астам қалпына келтірілмеген жол анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-техникалық инспекциясы тобының полиция қызметкерлері тұрғын үй инспекциясының мамандарымен бірлесіп, жол жұмыстары жүргізілгеннен кейін жол жабыны қалпына келтірілмеген учаскелерге тексеру жүргізді.
– Облыс орталығы бойынша барлығы 210 учаске анықталды. Бұл аумақтарда жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін жол жабыны қалпына келтірілмеген, – дейді департаментте.
Тексеру нәтижесінде жолдарда жұмыстар жүргізу және күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін «Павлодар жылу желілері», «Гранна Строй», «АП-Импэкс», «ПЭТК» АҚ және «Павлодар - Су Арнасы» ЖШС-не 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды.