Павлодар облысы жұмыртқаға ең аз қаражат жұмсайтын өңірлердің бірі

Павлодар облысы жұмыртқаға ең аз қаражат жұмсайтын өңірлердің бірі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыртқа өндіру көлемі жағынан Павлодар облысы республика бойынша алғашқы бестікке кіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz. сарапшыларының мәліметінше, оның ішінде 232 миллион жұмыртқа тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндірілсе, 1,5 миллиарды – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесіне тиесілі. Дегенмен, өңірде жұмыртқа тұтыну мен жұмсалатын шығын деңгейі басқа облыстармен салыстырғанда төменірек.

– 2025 жылдың алғашқы тоқсанында әр павлодарлық орта есеппен тоқсанына 45–47 дана жұмыртқа тұтынғаны байқалады. Бұл көрсеткіш елдегі орташа деңгейден (51,6 дана) төмен.

Статистика бойынша, Павлодар облысы жұмыртқаға ең аз қаражат жұмсайтын өңірлердің бірі. Бір үй шаруашылығы тоқсанына орта есеппен 8,3 мың теңге жұмсайды. Бұл – республикалық орташа деңгейден (10,5 мың тг) едәуір аз.

Салыстырмалы түрде: Ұлытау облысы – 14 мың тг; Түркістан облысы – 12,9 мың тг;  Астана қаласы – 11,7 мың тг;  Павлодар облысы – 8,3 мың тг

Қала тұрғындары жұмыртқаны ауыл халқына қарағанда 33%-ға көп тұтынады: орта есеппен қалада – 56,8, ал ауылда – 42,7 дана. Павлодар облысында да осындай айырмашылық сақталып отыр.

Павлодар өңірінде жұмыртқа өндірісі тұрақты дамып келеді. Дегенмен, тұтыну мен шығын көлемі республика бойынша төмен деңгейде қалып отыр. Бұл көрсеткіштер тұрғындардың тұтыну дағдысы мен табыс деңгейін де көрсетеді.