Павлодар облысына танымал әнші Ұланғасыр Қами келмек
Концертке кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
15 желтоқсан күні сағат 17:00-де Кенжекөл ауылында «Ән көңілдің ажары» атты концерттік шара өтеді. Кештің басты қонағы – қалың тыңдарманның сүйіктісіне айналған «Балқия» және «Қызыл раушан» әндерінің авторы Ұланғасыр Қами.
– Концерттік бағдарламада «Кең дала» би ансамблі мен жергілікті өнерпаздар Жадыра Тілеуберді және Ермұрат Жақыпов өнер көрсетеді. Сонымен қатар, кеш қонақтарын Ұланғасыр Қамидің орындауындағы әсем әндер қуантпақ, – дейді ұйымдастырушылар.
Өтетін орны: Қ.Қасымов атындағы мәдениет үйі.