Павлодар облысында ірі көлемде мефедрон өндірген күдікті Ресейде ұсталды

Ол бір жыл бойы есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ресей Федерациясының Свердлов облысында Қазақстан азаматын ұстады. Ол еліміздің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған.
– Ұсталған азамат 2024 жылы Павлодар облысының аумағынан жеке үй сатып алып, онда аса ірі көлемде «мефедрон» есірткісін өндірген. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп атап өтті облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау шараларын жүргізіп жатыр.
Бұл қылмыс 12 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.