Павлодар облысында қазанның басында жылы ауа райы сақталады

Павлодар облысында қазанның басында жылы ауа райы сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, қазан айының алғашқы күнінде түнде +5...+10°С, облыстың шығысында +2°С, ал күндіз +17...+22°С болады. 

2 қазанда күндіз облыстың оңтүстік, шығысында жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +13...+18°С, облыстың батысында +10°С-ты көрсетеді. 

3 қазанда түнде облыстың оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, облыстың шығысында -3°С-қа дейін түседі, ал күндіз +8...+13°С-қа дейін көтеріледі. 

4 қазанда жауын-шашынсыз болады. Сынап бағанасы түнде 0...-5°С, ал күндіз +8...+13°С-ты көрсетеді. 

Сенбіде жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +10...+15°С жылы болады. 

Жексенбіде де жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +12...+17°С-ты көрсетеді.