Павлодар облысында қырыққабат пен пияз арзандады
Облыстық статистика департаменті 2024 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Азық-түлік тауарлары тобында қант бағасы – 2,8%-ға, құс еті – 1,8%-ға, тұз – 1,6%-ға, кондитерлік өнімдер – 1,5%-ға, балық және теңіз өнімдері – 1,2%-ға, жұмыртқа және күріш – 1,1%-ға, сүзбе 0,6%-ға қымбаттағаны байқалды.
– Көкөністер мен жемістердін ішінде алма бағасы – 11%-ға, қызанақ – 10,8%-ға, қиярлар – 8%-ға, сәбіз – 4,2%-ға, қызылша – 1,4%-ға, картоп 0,8%-ға өсті. Ал пияз бағасы – 8,2%-ға, ақ қауданды қырыққабат 3,3%-ға арзандады. Сонымен қатар күнбағыс майы бағасының – 1,3%-ға, жармалар 4,6%-ға төмендегені байқалды, – дейді департаментте.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша тұрмыстық аспаптар – 1,7%-ға, фармацевтикалық тауарлар – 1,2%-ға, киім және аяқ киімдері 0,5%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтеріне келетін болсақ, суық су – 25,1%-ға, орталықтан жылыту және ыстық су – 23,9%-ға, электрэнергиясы – 19%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 5,7%-ға, кәріз 5%-ға қымбаттады.