Павлодар облысында қос азаматтықпен жүрген әйел жарты миллион теңгеден айырылды
Сотта бастапқы айыппұл сомасы төмендетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Железин аудандық сотында «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңнаманы бұзғаны үшін Ресей Федерациясының әйел азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК 496- бабы 2-бөлігі).
Сотта оның ҚР-ның шекаралық бақылау бекетінен өту кезінде ҚР құзыретті мемлекеттік органдарына шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламағаны және құжаттарды тапсырмағаны анықталды.
ҚР-ның заңнамасына сәйкес, егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтады.
Сот отырысында әйел құқық бұзышылықты жасаудағы кінәсін толық мойындап, сонымен бірге бір ай ішінде құжатты тапсыру қажеттігін білмейтінін, Қазақстанда анасы, аға-інісі мен әпкелері тұратынын айтып, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
– Сот әйелді ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды, және ӘҚБтК-нің 829-11-бабы 2-бөлігі ережелерін ескере отырып, айыппұлдың жалпы сомасын отыз пайызға азайтып, 516 880 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тағайындады, – деді Железин аудандық сотының баспасөз қызметінде.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.