Қар басқан жолдарда қалып қойған павлодарлықтар қосымша пойыздармен оралуда
Автомобиль қозғалысы мен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды,деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жаңа жыл қарсаңында қолайсыз ауа райының салдарынан тұрғындар туған қалаларына жете алмай жатыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайларына байланысты ҚТЖ жедел штабы мүмкіндігінше басқа көлікпен кете алмаған жолаушыларды қала маңындағы пойыздарда әкету туралы шешім қабылдады. Оларға тұрып тұратын орындар ұсынылды. Көкшетау, Қарағанды, Павлодар және тағы басқа қалаларға жақын бағыттар бойынша Астанадан қосымша 2 мың орынға дейін ұлғайтылды.
Өткен түнде автожолдардың жабылуына байланысты Бурабай, Елтай, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау станцияларынан Астанаға дейін 700 астам адамды қала маңы пойыздарымен тасымалдау қамтамасыз етілді.
Жалпы, жаңа жылдық мерекелерге 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың орынға дейін ұлғайту ұйымдастырылды.
Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт өскенін ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ сапарлардан бас тартуды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Айта кетейік, қолайсыз ауа-райы кезінде теміржол көлігі жолаушыларды тасымалдаудың жалғыз қол жетімді баламасы болып қала береді, өйткені автомобиль қозғалысы мен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарындағы жол учаскелеріне шектеулер енгізілді.