Павлодар облысында 23 сәуір күні бұршақ аралас жаңбыр жауады

Павлодар облысында 23 сәуір күні бұршақ аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз сынап бағанасы ...+22°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыста түнде ауа температурасы +10...+15°C болады. Жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман болады. Күндіз ауа температурасы +17...+22°C дейін көтеріледі. Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 метрге дейін жетеді. 

Павлодар қаласында түнде +11...+13°C. Күндіз +20...+22°C дейін жылы болады. Аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.