Павлодар облысында 24 шілдеде жаңбыр жауады

Павлодар облысында 24 шілдеде жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, 24 шілде күні +28…+33 °C дейін ыстық болады. Облыстың солтүстік және шығысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы найзағай кезінде секундына 15-20 метр соғады. 

Павлодар қаласында сынап бағанасы +30…+33 °C көрсетеді. Жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы күтіледі. 
Фото: ашық дереккөздерден