Павлодар облысында 300-ден астам ашық жұмыс орны ұсынылады

Жұмыспен қамту органдарының өкілдері консультация жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
17 қыркүйекте сағат 11:00 Қайырбаев көшесі, 87 мекенжайында орналасқан «Астана» мұз сарайында еңбек мобильділігі орталығы облыстық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.
– Жұмыс берушілер мен іздеушілер арасындағы тікелей байланыс арқылы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу көзделген. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде әртүрлі салаларда, соның ішінде жұмысшы мамандықтар бар өндіріс, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы саласындағы облыстағы 30-дан астам ірі компаниялардан 300-ден астам ашық жұмыс орындары ұсынылады, – деді ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде бизнес-идеяларды дамытуға 400 АЕК дейін өтеусіз грант алушы кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылады.
Жұмыс берушілер үшін бұл – әлеуетті қызметкерлермен тікелей байланысудың, сұхбат жүргізудің және еңбек жағдайларын талқылаудың бірегей мүмкіндігі. Жұмыс іздеушілер үшін бұл – еңбек нарығындағы ағымдағы ұсыныстармен танысу және жұмыс берушілерге өздерін тікелей таныстыру мүмкіндігі.