Павлодарда көп қабатты үй салу үшін саяжайлардың жер учаскесі алынады

Қалалық мәслихаттың XVIII кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Кезекті сессия отырысында «Достық» көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу мәселесі қаралды.
– Павлодар қаласының жоспарына сәйкес қаланы оңтүстік бағытта дамыту әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандары бар көп қабатты кешендердің құрылысын салу үшін саяжай учаскелерін алып қою есебінен болжанады. Осыған байланысты «Строитель» бау-бақша серіктестігінің тұтыну кооперативінде 14 жер учаскесі көлемінде жер учаскелерін алып қою рәсімі басталды, – деді қалалық мәслихатта.
Сондай-ақ, депутаттар 2024 жылғы Павлодар қаласының бюджетінің атқарылуын қарады.
– 2024 жылы қала бюджеті алты рет нақтыланған болатын, түзету 14 рет жүргізілді, нәтижесінде бюджет 250 468,7 миллион теңгені құрады. Кірістер 100,1 пайызға орындалды, түсім 250 608,6 миллион теңгені құрады. Негізгі асыра орындау салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есебінен қалыптасты.
Бұл ретте, Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Қала әкімдігінің, қаланың экономика және қаржы бөлімінің есебіне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бірқатар ұсыныстар берілді.
Бұдан бөлек, Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық, бюджеттік бағдарламаларды, бағдарламалық құжаттарды, ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауын, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын ескере отырып, әлеуметтік – экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленді.
Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Тексеру комиссиясының «2024 жылғы Павлодар, Жетекші, Мойылды ауылдары, Атамекен кенті және Кенжекөл ауылдық округі бюджетінің IV деңгейінің орындалуы туралы» есебі тыңдалды.
Барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.