Павлодар облысында 500-ден астам ұстаз шеберліктерін жетілдіреді
Өңірде республикалық жоба іске асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталған «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасына Павлодар облысынан 14 мектеп қатысуда.
– Жоба білім алушылар арасында білім сапасын арттыруға және Павлодар облысының педагогтерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге бағытталған, – деді білім беру басқармасында.
Өңірден 544 педагог аталған жобаға қатысып, біліктілігін арттырады. Ал курстарды аяқтағаннан кейін барлық біліктілікті арттыру курстарындағы сияқты тестілеуден өтеді.
Педагогикалық шеберлікті жетілдіру үшін «Негізгі» және «Ілгері» деңгейлерде курстар өткізілетін болады.
Облыстық білім басқармасында жобаны іске асыру мәселелері бойынша Call-орталық: 650060, 87074916405 телефон нөміріне хабарласуға болатынын атап өтті.
Бұл жобаны іске асыру аясында нысаналы мектептердің үлесін 2028 жылға дейін 32%-дан 15%-ға дейін төмендету күтілуде.