Павлодар облысында 7500-ден астам адам бала 1,5 жасқа толғанға дейін төлем алады

Павлодар облысында 7500-ден астам адам  бала 1,5 жасқа  толғанға дейін төлем алады
Фото: Константин Шелков

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаменті мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өңірлік филиалы, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның қатысуымен кездесу  өтті, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Шараны ұйымдастырушы – облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы. Кездесу барысында бизнестің әлеуметтік төлемдері параметрлеріндегі өзгерістер түсіндірілді.

– Әлеуметтік төлемдердің екі түрінің параметрлері өзгертілді. Біріншісі – жұмысынан айырылғаны үшін төленетін төлем орташа есеппен 13%-ға ұлғайтылды, табысты ауыстыру коэффициенті 40%-дан 45%-ға дейін өсті. Екіншісі – бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала 1,5 жасқа толғанға дейін тағайындалады, – дейді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Павлодар облысы бойынша филиалының өкілдері.

Олардың айтуынша, облыс бойынша 7599  адам бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы алады.