Павлодар облысында АЕК-пен үш мыңға жуық отбасы қамтылды

Биыл екінші тоқсанда кедейлік шегінің мөлшері 41 207 теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бүгінгі таңда республикада халықтың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтарын қолдаудың біртұтас жүйесі құрылды, оған мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар беру кіреді.
Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдаудың бір түрі атаулы әлеуметтік көмек болып табылады. АӘК-ке табысы кедейлік шегінен төмен адамдар, отбасылар құқылы.
– Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 2802 аз қамтылған отбасы, оның ішінде 11963 адам қамтылды, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.
Бұдан басқа, АӘК алушылардың отбасыларынан бір жастан алты жасқа дейінгі қоса алғанда 3503 балаға 1,5 АЕК (5538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем жүргізілді.
Ағымдағы жылдан бастап учаскелік комиссиялар FSM social мобильдік қосымшасы арқылы материалдық жағдайды зерттеу негізінде отбасылардың АӘК көрсетуге мұқтаждығы туралы қорытынды шығарады.
Оның келесі артықшылықтары бар: геолокацияны анықтау, учаскелік комиссиялардың жұмысын жеңілдетеді, әлеуметтік көмек көрсету процесінің ашықтығын арттыруға ықпал етеді және шешім қабылдауға адам факторының әсерін азайтады.
Учаскелік комиссиялар барлық деректерді мобильді қосымшада тіркейді, содан кейін ақпарат автоматты түрде өңделеді және талданады. Бұл тәсіл әлеуметтік көмек тағайындау туралы объективті және негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.