Павлодар облысында аулаларды абаттандыру мен инфрақұрылым мәселелері бақылауда

Павлодар облысында аулаларды абаттандыру мен инфрақұрылым мәселелері бақылауда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақсу қаласының әкімі тұрғындар көтерген мәселелерді жергілікті жерде қарады,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Металлургтер қаласының әкімі Әнуарбек Аманов Instagram әлеуметтік желісі арқылы тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмыс сапарын өткізді. Оған бөлім басшылары қатысты. Көтерілген мәселелер сол жерде қаралып, шешудің нақты мерзімдері айқындалды.

— Жұмыс барысында жертөлені су басу, аулалардағы жолдарды жөндеу, жол жиектерін қалпына келтіру, көше жарығын жаңғырту, қоқыс жәшіктерін орнату, су тарту бағанасын ауыстыру, сондай-ақ аулаларды абаттандыру және көгалдандыру мәселелері қаралды, - деді шаһар басшысы.

Әнуарбек Аманов әрбір көтерілген мәселе бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Бірқатар мәселе жақын күндері шешімін табатын болса, қалғандары алдағы жұмыс жоспарына енгізілді.