Павлодар облысында бір тәулікте екі скутер апаты тіркелді

Павлодар облысында бір тәулікте екі скутер апаты тіркелді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқыс оқиғадан төрт жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

— Өткен тәулікте 103 қызметі шыққан жол-көлік оқиғаларының екеуіне скутер жүргізушілері себепкер болған. Павлодарда Украинская мен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы маңында скутер жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Салдарынан екі кәмелетке толмаған жасөспірім — 16 жасар қыз бен 17 жасар бозбала түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - дейді өңірлік 103 станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко.

Дәл осындай оқиға Ақсу қаласында да тіркелді. Онда скутер бағанға соғылған. Нәтижесінде 16 жасар жасөспірім мен 17 жасар қыз анағұрлым ауыр жарақаттар алған. Олардың денелерінде түрлі сынықтар, жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалуы анықталды. Екеуі де Ақсу қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.

Скутерлердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткеніне ақ желеңділер алаңдаушылық білдіруде. Мамандар ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларға қорғаныс құралдары мен шлемсіз екі дөңгелекті көлікті басқаруға жол бермеуін сұрайды.