Павлодар облысында бірнеше ауданда құрғақ шөп жанды
Үш жағдайда шөп далада өртенген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері Аққулы ауданында, Ақсу қаласында Ертіс өзенінің жайылмасында, Баянауыл ауданында және Павлодар ауданында екі факті орын алды.
– Оқиға орнына аудандық өрт сөндіру бөлімдері шықты. Олардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт уақтылы оқшауланып, сөндірілді. Өрттің шығуына халықтың отты абайсыз қолдануы себеп болған, – деді департаментте.
Сондай-ақ, 3-ӨСБ өрт сөндірушілері Павлодар ауданы Байдала ауылының шетіндегі 800 шаршы метр алаңда өртенген қамысты сөндірді. Көп жағдайда құрғақ шөптің жануы сөнбеген алау, темекі тұқылын тастау және көлік құралының тұншықтырғышының ақауынан туындайды.
Айта кетейік, өрт сөндірушілер тұрғындарды отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді. Сондай-ақ кез келген немқұрайлылық қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.