Павлодар облысында балықшылар құтқарылды
Басентин көлінің маңында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
112 қызметінің пультіне оқиға орнында көлік жүргізушісі мен жолаушының өздігінен автокөлікті шығара алмай жатқаны туралы хабарлама түсті.
– ТЖД қызметкерлері қажетті құтқару жабдықтарымен жарақтандырылған арнайы техникамен дереу көмекке шықты. Қалың қар мен жолдың жоқтығына қарамастан, құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қар құрсауында қалған екі балықшыны эвакуациялады, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, құтқарылған азаматтар Екібастұз қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.