Павлодар облысында белсенді ҚХА мүшелерінің еңбегі еленді
Оларға марапаттарды аймақ басшысы Асайын Байханов табыстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Достық үйінде» өткен Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты XXVII сессиясында Ассамблеяның бірқатар өкілдері этносаралық келісімді дамытуға үлес қосқаны және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқандары үшін Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы еңбегі үшін ақсақалдар кеңесінің мүшесі Гүлбарам Науразбаева «Бірлік» алтын медалімен марапатталса, облыстық мәслихат депутаты Александр Терентьев «Қайырымдылық үшін» төсбелгісіне лайық деп танылды.
Ассамблея Кеңесінің шешімі негізінде қоғамдық орынбасарлар лауазымына Василий Рак пен Рамиль Смаилов ротация тәртібімен сайлау ұсынылды. Асайын Байханов алдыңғы сессияда осы лауазымға сайланған Хусайн Гулов пен Валентина Шатоваға атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, оларды Құрмет грамоталарымен марапаттады.