Павлодар облысында боранда жоғалған малшы табылды
Ол малды қамауға шығып, адасып қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы облыстық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Асқарбек Омаров мәлім етті.
– Ол үйінен сағат 21:00 шамасында малды қораға қамауға шығып кетіп, қайтып оралмаған. Іздестіру үшін 10 ТЖД қызметкері, екі техника жұмылдырылды, – дейді Асқарбек Омаров.
Сонымен қатар, құтқару органдарынан екі адам және бір техника, ал облыстық полиция департаментінен екі техника мен төрт адам жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жаңажол ауылдық округі Конжыкөл қыстағында 1975 жылғы малшы іздестірілді. Ер адам сағат 10-21-де аман-есен табылды.